Bugin
Әлеуметтік желіде Меруерт Әйтенованың "Көреміз" ток-шоуында айтқан сөздері сынға ұшырады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
"Бақытсыз әйелсің сен, бақытсыз анасың. Бақыт көрмеген әйелсің. Отырсың, міне, әлемге жылап. Төрт баланы тапқызып, тәтті төсектің дәмін сездірген еркек, неге сонымен жабысып өмір сүрмейсің? Егер бәріміз де жеңіл өмірді қалап, күйеуімізге көнбей, миымыз ағып кете беретін болсақ... Сендер мынау ажыраған әйелдер - қоғамның сорысыңдар. Жек көреміз. Мысалы, жеке өзім ажырасқан әйелдерді жек көремін. Отырғым келмейді қасында. Мен сияқты миллиондаған әйел бар. Отбасын ұстап, қандай болса да көніп отырған әйелдер бар. Солар ажырасқан әйелдермен бір дастарханда отырғысы келмейді", - дейді ол.
Ажырасқан әйелдерді қоқысқа теңегені үшін НеМолчиKZ қорының басшысы, қоғам белсендісі Дина Таңсәрі оны сотқа беру керек екенін айтты.
Желіде пікір білдірушілер журналистің бұл сөздерін эфирге шығарған телеарна басшылығына да ашулы.
"Осындай адамдарды неге шығарады эфирге? Не болып кеткен адамдар?", "Не деп тұр?", "Мән бермеңіздер, бұл оның ғана пікірі", "Бұл кім сонша?" - деп жазған олар.