Bugin

Шымкенттік полицей ішінде миллион теңгесі бар жоғалған әмиянды тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте учаскелік полицей ішінде млн теңгесі бар жоғалған әмиянды тауып, иесіне қайтарды, – деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Абай АПБ-ның “102” арнасы арқылы Умида Абдумуталипқызы есімді азаматша арыздандып, сауда орталығында қомақты ақшасы, құжаттары мен банк карталары салынған әмиянын жоғалтып алғанын айтқан. Бір сағатқа жуық уақыт бойы өз бетінше жүргізген іздеу жұмыстары нәтижесіз болған соң әйел полицейлердің көмегіне жүгінуді шешкен.

"Шақырту бойынша оқиға орнына №1 учаскелік пунктінің инспекторлары жетті, олар азаматшадан мән-жайды нақтылап, оның жүрген жолы бойынша іздеу жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жарты сағатқа жетер-жетпес уақыт ішінде полиция қызметкері Нұрбол Төлендібаев дүкендердің біріндегі креслоның астынан әмиян тауып алып, оны барлық заттарымен заңды иесіне қайтарып берді", - делінген хабарламада.