Bugin

Қостанайда өртеніп жатқан үйде жаңа туған сәби қалып қойған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қостанайлық өртсөндірушілер өрт сөндіру кезінде 9 қабатты тұрғын үйден екі баланы алып шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы astanatv.kz сайтына сілтеме жасап.

Садовая көшесіндегі 9 қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама 30 тамызда сағат 12:55-те 101 құтқару қызметіне түскен.

ТЖД баспасөз қызметі мәліметінше, өртсөндірушілер келгеннен кейін 4-қабаттағы пәтерде, яғни 5 шаршы метр аумақта ас үй жиһазы жанып жатқаны анықталған.

"3 адам (оның ішінде 2 бала) шығарылып, 6 адам эвакуацияланды", - деді ведомство өкілі.

Өртсөндірушілердің бірі 2023 жылы туған баланы құтқарып қалған. Өрт сағат 13.10-да оқшауланып, 13.15-те ауыздықталған.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.