Bugin

Қостанайлықтар сібір жарасын жұқтырғандар туралы қорқынышты видео таратты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Фото: alau.kz

Қостанай облысының тұрғындары сібір жарасын жұқтырған адамның қорқынышты кадрларын таратуда, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы "Алау" сайтына сілтеме жасап.

Желіде Қарасу ауданында адамдар сібір жарасына шалдыққаны туралы видео тарады. Ауданда блокбекеттер орнатылып, ІҚМ-ді өртеп жатқаны айтылған.

Қарасу ауданының әкімдігі, сондай-ақ облыс әкімдігі ветеринария басқармасының "Қарасу ауданының ветеринариялық станциясы" КМК бұл деректі растамады.

"Қарасу ауданының аумағы туралы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.

Дегенмен, ТЖ қызметкерлері мұндай дерек Ақмола облысында тіркелгенін атап өтті. 29 тамыздағы ТЖМ қорытындысына сәйкес, Жарқайың ауданы Үшқарасу ауылынан Есіл аудандық ауруханасының инфекциялық бөлімшесіне сібір жарасы ауруына шалдығуы мүмкін 10 адам ауруханаға жатқызылған. Диагноз жеті адамда расталған. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізіліп, ауыл карантинге жабылған.