Bugin

Биыл бастауыш сынып оқушылары түгел тегін тамақтанады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ktk.kz

2023-2024 жылғы оқу жылдарында бастауыш сыныпта оқитын 1,4 млн бала тегін тамақтанады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Оқу-ағарту министрлігінің деректеріне сүйенсек, 1 қыркүйектен бастап 7 700 білім беру ұйымында 3 млн 900 мың бала білім алады, олардың 382 мыңы мектеп табалдырығын алғаш аттайды.

Қазақстан мектептерінде 340 676 педагог жұмыс істейді. Оның ішінде еңбек өтілі 10 жылға толмаған 147 402 мұғалім, 20 жылға жуықтаған 88 393, 20 жылдан асқан 104 881 педагог бар.

Президенттің 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету туралы тапсырмасы биылғы оқу жылында толыққанды орындалмақ. Өңір әкімдіктері оған қажетті қаржыны бөліп қойған. Соның нәтижесінде 1 қыркүйектен бастап 1 млн 400 мың бастауыш сынып оқушысы тегін тамақтанады.