Bugin

Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды кредиттеу қағидаларының жобасы әзірленді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: BAQ.KZ

Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды кредиттеу қағидаларының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Құжатқа сәйкес сенім білдірілген өкіл (агент) арқылы 10 жылға дейін 2,5% бен 5 млрд теңгеге дейінгі ең жоғары сомамен кредиттер беру жоспарлануда.

"Кредиттер үміткерлерге жаңа кәсіпорындар құру немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды, оның ішінде сүт-тауар фермаларын (қуаты 400 бастан бастап), ет бағытындағы құс фабрикаларын (жылына 5000 тонна құс етінен бастап), көкөніс қоймаларын (1000 тоннадан бастап), сондай-ақ суармалы егіншілік саласындағы (картоп, көкөністер, жемшөп өндірісі) және заманауи су үнемдеу технологияларын пайдалануды көздейтін (шашырату, тамшылатып суару) жобаларды кеңейту үшін берілетін болады" делінген хабарламада.

Бағдарламаны іске асыруға 2023 жылы республикалық бюджеттен 100 млрд теңге бөлінді, ол 65 сүт-тауар фермасының құрылысын қаржыландыруға бағытталатын болады, бұл сүт өндірісін жылына 371,7 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.