Bugin

Тоқаев бірнеше министрді қызметінен босатты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: aigak.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 5 министрді қызметтерінен босатты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымынан босатылды;

Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды;

Асхат Раздықұлы Оралов Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі лауазымынан босатылды;

Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі лауазымынан босатылды.