Bugin
Фото: halyq-uni.kz
Қарағандыда тұрғындар ескі зираттың сыртынан адамның сүйектерін тапты. Полиция олардың қайдан шыққанын анықтап жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде адамның бас сүйегі табылғаны туралы ақпарат тарады. Өлген адамның сүйегі қабір сыртында жатқаны айтылған, дегенмен бұл зират жерлеу үшін көптен бері пайдаланылмайды.
Бас сүйекке қатысты қауесет көп. Желі қолданушылары оның қайдан шыққанын әртүрлі айтып жатыр.
Қарағанды облысының полиция департаменті баспасөз қызметі бұған қатысты түсінік берді. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
"Полиция бұл деректі тіркеді. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.