Bugin

Пригожинмен бірге қаза тапқан стюардесса туралы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: 74.ru 

"Вагнер" жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожиннің апатқа ұшыраған ұшағында қаза тапқан бортсерік Кристина Распопова Қазақстанда, Қостанай облысындағы Рудный қаласында жерленді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы марқұмның әпкесі Елена Абраменкова "Агентство. Новости"-ге хабарлады.

Елена Абраменкованың басылымға берген сұхбатында стюардессаның анасы Қазақстанда тұратынын айтқан.

"Оның табытын апарып, жерледі. Анасы маған кеденде үш сағат бойы ұстағанын айтты, өткізе алмаған", - деді әпкесі.

Абраменкова сондай-ақ Распопованың інісі оның жеке басын растау үшін ДНҚ тестін тапсырғанын айтты.

Бұған дейін Кристина Распопова Челябі облысы Еманжелинск қаласы прокурорының орынбасары Евгений Распоповтың әпкесі екені хабарланған еді. Екеуі де Қазақстанда туған, кейін Ресейге көшіп кеткен. Кристина біраз уақыт Мәскеуде тұрып, жуырда ғана Санкт-Петербургке көшкен. Ол VIP рейстерде көп ұшқан. Соңғы ұшқанында қонудың кейінге қалдырылып жатқанын хабарлаған және одан кейін байланысқа шықпаған.

23 тамызда Тверь облысында Евгений Пригожиннің Embraer жеке ұшағы апатқа ұшырады, оның ішінде үш экипаж мүшесі мен жеті жолаушы – Пригожиннің өзі және оған жақтастары, соның ішінде "Вагнер" командирі Дмитрий Уткин болған. Борттағы жалғыз әйел – Кристина Распопова.