Bugin
Фото: fioscan.ru
Абай аудандық полиция басқармасына құны 1,5 миллион теңге тұратын алтын әшекейлерінің жоғалғанын айтып жергілікті тұрғын шағымданған. Оқиға орнына жедел тергеу тобы барып, істің мән-жайын нақтылау барысында сол үйде бала күтімімен айналысатын 19 жастағы қыз күдікке ілінген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.
“Тәртіп сақшылары шұғыл іздеу жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні Абай АПБ-на жеткізді. Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша іс қозғалды. Белгілі болғандай, жас қыз әуелі үй иесінің неке жүзігін ұрлап, сатып жіберген. Кейін сөредегі алтындарға көзі түсіп, оны да қаладағы базарларға апарып өткізгені анықталды”, – делінген хабарламада.
Күтуші өз кінәсін толық мойындап, бұл ісі үшін өкінетінін жеткізді. Жәбірленуші келтірген материалдық шығынның толығымен өтелуіне байланысты, азаматшаға кешірім берді.