Bugin

Экс-министр Асхат Оралов желіде қоштасу жазбасын жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов әлеуметтік желіде қоштасу жазбасын жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол қызметтес болған әріптестеріне алғыс айтты.

"Мәдениет және спорт министрі ретіндегі қызметімді аяқтай отырып, Мемлекет басшысына көрсеткен сенімі үшін алғысымды білдіргім келеді. Сондай-ақ, мен өзімнің әріптестеріме - өз ісінің нағыз мамандарына алғыс айтқым келеді, олармен бірге осы уақыт бойы жұмыс істеу мәртебесіне ие болдым. Мәдениет, спорт, туризм, архив және кітапхана саласының барлық қызметкеріне ерекше алғыс айтқым келеді. Өте жауапты әрі маңызды қызметіңіз үшін, қолдау, кері байланыс, ашықтық және орынды сын үшін рахмет. Осы бірнеше айдың ішінде біз үлкен жұмыс атқардық, оның нәтижелерін болашақта көретініміз сөзсіз. Барлық әріптесіме сәттілік тілеймін. Сіздердің күш-жігерлеіңізбен отандық спорт, мәдениет және туризм жаңа биіктерге көтерілсін, ал біз алға қойған мақсаттар міндетті түрде жүзеге асырылсын", - делінген жазбада.

Еске салайық, кеше ел президенті Қ. Тоқаев бірнеше министрді орнынан босатқан болатын.