Bugin
Фото: astanatv.kz/видеодан кадр
Бір аптада төрт мектеп директоры парамен ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы astanatv.kz сайтына сілтеме жасап.
1 қыркүйекте соңғы ұсталғандардың бірі А.Г.Б. шағын учаскедегі мектепке ауыстыруға оң шешім шығарғаны үшін 5 мың сом алған.
Нақты қай оқу орнының директоры екенін Ұлттық қауіпсіздік комитеті нақтыламады, бірақ ұсталған күдіктінің сол күні арнайы қызметтің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын атап өтті.
Ведомство таратқан суретте №51 мектептің директоры Гүлнұр Арзиеваның кабинетінде қалай ұсталғаны көрсетілген.