Bugin

Аңшылар тарихтағы ең үлкен аллигаторды қармаққа түсірді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: apnews.com

Төрт штат тұрғындары Дональд Вудс, Уилл Томас, Джои Кларк және Таннер Уайт  Миссисипидің батысындағы өзеннен салмағы 802,5 фунт (364 келі) аллигаторды ұстады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, аңшылар ауланған аллигатордың ұзындығы бойынша рекорд жаңартты. Олар ұзындығы 14 фут 0,75 дюйм және салмағы 766,5 фунт аллигаторды қармаққа түсірді.

"Оны ұстау жеті сағатқа созылды. Аңшылар аллигаторды сегіз-тоғыз рет қармаққа түсіруге әрекет етті. Дональд Вудстың айтуынша, аллигатор аңшының қолындағы жабдықты тістеп, таяқтары мен катушкаларын сындырған", – деді New York Post.

Миссисипидегі аллигаторларды аулау маусымы жыл сайын тамыз айының соңғы жұмасында болады. Бұл жылы маусым 4 қыркүйекте аяқталады.