Bugin
Фото: ҚР Ұлттық Ұланының баспасөз қызметі
Алматыда аты аңызға айналған Панфилов дивизиясының соңғы сарбазы, 101 жастағы Қайырлы Жоңқабаев қайтыс болды. Бұл туралы Ұлттық ұлан өкілі Данара Тәңірбергенқызы айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлы Отан соғысының ардагері Қайырлы Жоңқабаев 10 қыркүйекте 102 жасында қайтыс болды.
"Панфиловшы Жоңқабаев Қайырлы Уатайұлының туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", - деп жазды Данара Тәңірбергенқызы.
Қайырлы Жоңқабаев Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1940 жылы ШҚО Құлынды орта мектебінде мұғалім болып бастаған.
1941 жылғы қазанда Панфилов дивизиясының 23 гвардиялық полкінің қатардағы жауынгері Қызыл Армия қатарына шақырылған.
8-гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында пулеметші болған, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллинмен бір ротада соғысқан, Беларусь, Польша, Эстонияны азат етуге қатысқан. 1943 жылы ақпанда қанды Ржевск шайқасында жарақат алып, Дрезденде жеңіске жеткен.
Соғыстан кейін Самара аудандық атқару комитетінің жалпы бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1970 жылдан 1983 жылға дейін Алматыда тамақтану жүйесінде шаруашылық есеп директоры болды. 1983 жылы ол демалысқа шықты. Бес бала тәрбиелеп өсірген.