Bugin
Фото: shpilki.net
25 жастағы Таис Медейрос ақпан айында ауруханаға түскен. Мұның алдында ол сүйіктісімен бірге кешкі ас дайындапты. Қонақтарға арналған астың біріне маринадталған бұрыш қосу керек болған. Бұрышты иіскеген сәтте қыздың тамағы қыши бастапты. Жағдайы нашарлаған соң ол ауруханаға барған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Дәрігерлер Медейростың миы аллергия кесірінен ісіп кеткенін анықтаған. Жағдайы нашарлаған қыз бірнеше күн комада болған. Емі жазға дейін жалғасып, ауруханадан тек 31 шілдеде шығарылыпты. Алайда жағдайы қайта нашарлап кеткен соң қай емханаға жатқызылды.
Қазір дәрігерлер Медейростың қашан айығып кетерін айта алмай отыр. Қыз сөйлей де, жүре де алмайды.