Саясат
Қымыздың қоғамдағы тұғыры қандай?
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақты қазақ ететін – қымыз, қымызды қымыз ететін – қазақ. Сонау түп тамырымыз саналатын сақтардың өзі сары қымызды сабасымен төңкере ішіп, төрткүл дүниені жайлап жатқан.
Ол туралы Страбон «Бие сауушы скифтер» деп таңданса, географ Скимн «олар өте намысшыл халық…скифтер жылқыларын сауып сүтін ішеді» деп əсерлене жазған. Қымыз тек қана сусын емес, ол өмірдің нəрі еді, əлі де солай. Оның жасалу технологиясы қатаң құпия сақталған. Сақтар саба пісер алдында тұтқындарының көзін сол үшін де ойып тастаған деседі. Нанбасаңыз Геродотты бір парақтаңыз.
Сол сақтан қазақ болып біз тарадық. Бірақ мыңдаған жыл бабаларымыз қадір тұтқан қымыздың қазіргі тұғыры қандай? Меніңше төмен. Немістер патенттеп алды деп қымызға да өкпелеп қалғандаймыз, әрине әзіл. Қымыз патенттелмейді! Өйткені ол қазақтың ажырамас тарихы, ал тарихтың патенттелгенін қай жерден көрдіңіз. Сондықтан қымыз мен үшін əрдайым тек қана қазаққа ғана тиесілі! Сізде солай ойлаңыз.
Біз əрдайым қымызды насихаттауымыз керек. Тіпті асқазаны ауырмайтын жан жоқ мына қоғамның басты емі де тек осы қымыз-ау. Заманында талай алыпты ауруынан айықтырып, құрт ауруын қуып шығып, Толстойды да аяғынан тік тұрғызған осы қымыз еді ғой. Ендеше ұлттық сусынды өз тұғырына қашан көтереміз?
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61