Bugin

"Чемпиондық рухым мықтырақ": Германиялық боксшы Әлімханұлына сес көрсетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Erik Verduzco/Las Vegas Review-Journal

Жәнібек Әлімханұлының келесі қарсыласы германиялық Винченцо Гуальтьери алдағы жекпе-жекке қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Vesti.kz сілтеме жасап.

Екі белбеу сарапқа салынатын (IBO және WBO) бұл кездесу 14 қазан АҚШ-тың Розенберг қаласындағы Fort Bend Epicenter аренасында өтеді деп жоспарланған.  

"Жәнібек - керемет боксшы, ол Эскива Фалькао сияқты әуесқойда да, кәсіпқойда да титулдар жеңіп алған. Жәнібек солақай, Флькао сияқты. Жәнібек - фаворит, Фалькао сияқты. Ал ақыры Жәнібек те Фалькао сияқты жеңіледі. Өйткені менің командам мен чемпиондық рухым мықтырақ", - дейді Гуальтери.