Bugin

Қазақстанда қой шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: mrhvost.com

Үкімет басшысының орынбасары, бұрынғы сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен қой шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Кездесуде "Еуразия Агро Семей" ЖШС жобасы аясында Ұлттық экономика министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025  жылға арналған ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде жетіспейтін өндірістік инфрақұрылымды жабдықтауға 2 миллиард теңге бөлу туралы мәселесін пысықтау тапсырылды. "Еуразия Агро Семей" ЖШС жобасын (қазандық, тазарту құрылыстары, су құбыры желілері, жоғары вольтты электр желілері құрылысы) Абай ауданы әкімдігі ұсынған. 

Ал жобаны қаржыландыру мәселесін пысықтау "Бәйтерек" ұлттық басқару холдингі АҚ-на тапсырылды.

Сонымен қатар облыстардың әкімдіктері "Атамекен" ҰКП-на қой шаруашылығын дамыту жобаларын іске асыру бойынша ұсыныстарын білдіруі қажет.

"Атамекен" кәсіпкерлер палатасы өз кезегінде Ауыл шаруашылығы министрлігімен, облыс әкімдіктерімен, Астана және Шымкент қалаларымен келісе отырып, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ (келісім бойынша) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды іске асыру жөніндегі Басқарушы комитетті құрып, комитеттің құрамын белгілеуге тиіс" делінген хабарламада.