Bugin

Синоптиктер үш күндік ауа райы болжамын жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: catalog-photo.ru

Алдағы тәуліктерде республиканың басым бөлігінде жаңбырлы, күн күркіреп, екпінді жел соғатын салқын ауа райы сақталады.

Республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында өткінші жаңбыр жауады, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын болады.

5 қыркүйекте кей жерлерде жаңбыр мен бұрқасын түріндегі қатты жауын-шашын болады.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ауа температурасы республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде 2-10 градус жылы, күндіз 10-20 градусқа дейін шамалы көтеріледі деп күтілуде.