Bugin
Фото: stihi.ru
Ата-анасы үш жасар қызын пәтерде ұзақ уақыт жалғыз қалдырып кетіп қалды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Patriot telegram-арнасына сілтеме жасап.
Баланы құтқаруға Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері келді.
"Қыз ұзақ жылады. Бала екінші қабат деңгейінде ашық терезе алдында тұрғандықтан, полицияны, Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерін және жедел жәрдемді шақырдық. Кішкентай қыз қорқып қалған. Ол терезеден құлап кетуі немесе сіріңкемен ойнап, от жағуы мүмкін. Бір бөлмелі пәтер. Отбасының әлеуметтік жағдайы төмен", - дейді Патриотқа Қарағанды орталығындағы Әлиханов көшесіндегі үйдің тұрғындары.
Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті баланы құтқару фактісін растады.
"Иә, мұндай оқиға болды. Біздің қызметкерлер бір бөлмелі пәтерге ашық терезе арқылы кірді. Дәрігерлер баланы тексеріп, одан кейін сәби "Шанс" орталығына жеткізілді", - деп хабарлады Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.