Bugin

Түркияда жол апатына ұшыраған қазақ отбасына қатысты тың деректер белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: İHA

Түркияға саяхаттап барған қазақстандық отбасы жол апатынан зардап шекті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"3 қыркүйекте Аланияда жол-көлік оқиғасы болып, қазақстандық отбасы зардап шекті. Жол апатынан оқиға орнында 1989 жылы туған әйел мен оның 2 жасар қызы қайтыс болды. Отағасы (1986 жылы туған) ауыр жағдайда реанимацияда жатыр. 2014 жылы туған ұлы да ауруханада, оның денсаулығына аса қауіп төнбеген", - делінген СІМ хабарламасында.

Министрліктің хабарлауынша, қазақстандық дипломаттар апатқа ұшыраған отбасының туыстарымен байланыста отыр.

"Аталған отбасыға барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі. Бұл отбасы Түркияда туристер ретінде болды және бүгін елге оралуы керек болған", - дейді ведомстводан.

Қазақстандық журналист Түркияда екі жасар қызымен бірге ірі жол апатынан көз жұмды