Bugin
Фото: Bugin.kz
Видеода колония қызметкері күш қолдануға арнайы құрал қолдануға бұйрық береді. Онда Дәнебаевты жерге жатқызып, қол-аяғын ұстап, дубинкамен ұрғаны көрінеді.
Бұл видеоны "БАСЕ" телеграм-арнасы жариялады.
Полиция осы оқиғаға байланысты тергеу басталғанын хабарлады.
Ал Алматы облысының бұрынғы полиция бастығы Серік Күдебаевтың камерада дастархан басында отырған суреті көпшіліктің ызасын келтірді .
Комитеттің ақпаратына сәйкес, Серік Күдебаев Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен (17.11.2014 ж. № 819) бекітілген ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес "арнайы бөлінген үй-жайда тамақтануға құқылы".
Бұл ережеде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын сотталғандардың азық-түлікті сәлемдемелерден, жөнелтілімдерден немесе жақын туыстарымен кездесу кезінде алуға болатыны көзделген.
Дереккөз: ulysmedia.kz