Bugin
Фото: pixabay.com
Ақтөбеде пәтерден екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"4 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында Ақтөбе қаласы Гришина көшесіндегі бес қабатты үйдің пәтерлерінің бірінен заңды некеде тұрған 64 жастағы ер адам мен 70 жастағы әйелдің зорлықпен өлтірілген мәйіттері табылды", - деп жазды аймақтағы полиция департаментінен.
Екі адамды өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті анықталып, ұсталды.
Қажетті сараптамалар тағайындалды.