Bugin

Шымкент халқынан 700 миллионнан аса қаржы жымқырған ұйым басшылары тергеліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті қаржы пирамидасына басшылық жасады деген күдік бойынша «ПК Asar Baspana» компаниясының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

"Аталған компания жеке тұлғалардың ақшасын кәсіпкерлік қызметке пайдаланбай, қатысушылар арасында қайта бөлген. Залал сомасы 700 млн теңгеден асады. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр", – делінген агенттік хабарламасында.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ҚМА азаматтарды қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.