Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Фото: видеодан кадр
Алматы тұрғыны жаппай жол апатын жасап, төрт көлікті соққан, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 5 қыркүйекке қараған түні Сайын мен Шаляпин көшелерінің қиылысында болған.
"Сағат түнгі 01:35 шамасында Mercedes автокөлігінің жүргізушісі Сайын көшесінің солтүстік бағытында келе жатып, Шаляпин қиылысында арақашықтықты сақтамай төрт көлікті соққан. Оқиға орнында Nissan, Toyota Land Cruiser, Prado және Chevrolet автокөлігінің иелері зардап шеккен. Кінәлі оқиға орнынан жаяу қашып кеткен", - деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.