Bugin

Белгілі абайтанушы 20 жастан асқан әйел адамдарды "кәрі қыз" деп атады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: "Адал адам" бағдарламасынан кадр: https://www.youtube.com/results?search_query=адал+адам+бағдарламас

Белгілі филолог, абайтанушы Омар Жәлел “Адал адам” бағдарламасында 20 жастан асқан қыздарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

“Жаспын, өмірім алда” деп айтатын 35 жастағы әйелдер көп. Олар иллюзияда жүр. Негізі өмір құмсағат сияқты өтіп жатыр, олар күн сайын қартайып жатыр. Қазақ айтады:

“20-ға келген қыз кәрі болады,

Өңі кетіп, шырайы сары болады.

Ер елуге келсе де, айып жоқ,

Әрқашан біреудің жары болады”,- дейді. Объективті шындықта ол – кәрі қыз. Ол кәрі қыз екенін түсінген кезде ғана ақыл кіре бастайды, шешім қабылдайды. Ол көзде көк етікті кездеспейді. Тек көне етіктіге ғана тиеді. Шал ақын: “20-ға келген қыз кәрі болады”, - дейді.

Жақында Салтанат Байқошқарованы тыңдадым. Сонда репродукциологтың айтуынша, қыз баланың тұрмысқа шығатын ең қуатты шағы – 18-20 жас аралығы. Қыз бала жас кезінде тұрмысқа шығуы керек. Ал олар үй салып алайын, мансап жасап алайын деп жүргенде, мүмкіндіктен айырылып қалады”, – дейді ол.

Омар Жәлел қыздарға ерте балалы болуға кеңес берді.

"Жұрт не дейді деп қорқып, Құдайдың бұйрығын орындамай отырған қыздар бар. Уақыт өтіп кетіп, тұрмысқа шықпайды. Бала табайын десе, қоғамдағы сыбыс пен өсектен қорқады. Сөйтіп, қартайғанда жалғыз қалады. Қазақта "Ойнас қыл да, ұл тап" деген сөз бар. "Жалғыздық Құдайға ғана жарасқан". Ыммен айтып отырмын. Оны түсіну үшін адамда ілім болуы керек. Мұндай қыздарға “қалай да болсын ұл тауып ал” деп айтар едім. Негізі бұл – құпия нәрсе. Мұны түсінген адам өзінің ақылы, түйсігімен шешеді. Талай әйелді білемін. Бір мысал айтайын. Тұрмысқа шыға алмаған  жасы келген қыз өзі жақсы көретін беделді еркектен ұл туып алды. Ол ешқандай шарт қоймады. Бастысы, ниеті дұрыс болды. Себебі оған ұрпақ керек болды. Қазір ешкімнен кем емес. Ұлды өсіріп, келін түсіріп, немере сүйіп отыр", –  дейді абайтанушы. 

Омар Жәлел "абыройлы" қызметінен айырылды

Қыз ұзату кезінде сақталуға тиіс дәстүрлер мен ғұрыптар