Bugin

Қызылордада тұрғын үйден пышақталған ер адамның мәйіті табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 

Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Қызылорда қаласындағы саяжайлардың біріндегі тұрғын үйден 57 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Полицияға тұрғын үйдің бірінде бірнеше пышақ жарақатын алған 57 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны жөнінде хабар түскен.

"Адам өліміне қатысы бар деген күдікпен жергілікті тұрғындар ұсталған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 5-тармағы (Адам өлтіру) бойынша іс қозғалды. Ол бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.