Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: azattyq-ruhy.kz коллаж
Ақмола облысында жол апатынан 9 жасар қыз көз жұмды, полиция іс қозғады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, жол апаты Целиноград ауданы аумағында "Астана-Қорғалжын" тасжолының 54 шақырымында болған.
Анықталғандай, Қорғалжын бағытында жүріп бара жатқан ВАЗ-2115 көлігінің жүргізушісі (Астана қаласының 38 жастағы тұрғыны) рульге ие бола алмай көлік жолдың шетіндегі жыраға аударылған. Жол апатынан алған дене жарақатынан 9 жасар қыз Целиноград аудандық ауруханасында көз жұмды.
"Осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Сараптама тағайындалды", - деді ведомстводан.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61