Bugin
Фото: pinterest.com
Павлодар облысында баланың ата-анасы әділдік іздеп, 5 жасар ұлының сүндеттеу рәсімі кезінде ағзасының үштен бірі бөлігін кесіп алған хирургты жазалауды талап етуде, деп хабарлайды Bugin.kz порталы 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.
Әділеттілік үшін олар Павлодар облысы медицина және фармацевтикалық бақылау комитеті департаментіне жүгінді. Еске салайық, хирургиялық манипуляция жасаған дәрігер тәртіптік жазаға тартылып, екі айға операция жасаудан шеттетілді. Қазіргі уақытта бала Астанадағы "Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында" ем қабылдап жатыр.
“Өтініш негізінде департамент тәуелсіз сарапшыны тарта отырып, жоспардан тыс тексеру ашты. Материалдар сараптамаға берілді. Тексеру нәтижелері бойынша жазбаша жауап жіберіледі”, – деді Павлодар облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті департаменті медициналық қызмет басшысының м. а. Сабина Базарбек.