Bugin

Назарбаевқа ескерткіш орнатуды ұсынған Ахметов жаңа лауазымға тағайындалады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Мәди Ахметовтың жеке инстаграмм парақшасынан

Кейбір telegram-арналарында бұрынғы мәжіліс депутаты Мәди Ахметовті Алматы облысының жастар саясаты басқармасының басшысы болады деген ақпарат таралды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәди Ахметов 2019 жылы Қазақстанның экс-президентімен кездесуінде Алматыдағы аттас даңғылға Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін орнату туралы "елдің барша жастарының ұсынысын" қолдауды сұрады. Ахметовтің бұл бастаманы бүкіл қазақстандық жастардың атынан көтергеніне көпшілік наразы болды.

2020 жылдың қараша айында Мәди Ахметов биліктегі "Нұр Отан" (қазіргі АМАНАТ) партиясынан кандидаттардың партиялық тізіміне енгізілгені белгілі болды. 2021 жылдың қаңтарында ол мәжіліс депутаты атанды.

Өткен жылы Назарбаевты және қаңтар оқиғасын жаппай сынағаннан кейін Ахметов сол кездегі мәжілісмендердің көпшілігі сияқты Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер тізімінен алып тастауға дауыс берген еді.