Bugin
Фото: kris.p.original
Алматыда жүргізушісі жоқ автобус жүріп кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Оқиға Алматы қаласының Абай мен Наурызбай көшелерінің қиылысында болған. Жүргізушісіз автобус кері бағытта қозғалып, бағдаршамда тұрған жеңіл көліктерді соққан.
Тұрғындар жүргізушісіз жылжып бара жатқан автобусты видеоға түсіріп алған.
Болған оқиғаға байланысты іс қозғалып жатыр. Оқиғаның анық-қанығы әлі айтылмады.