Weekend

Титаник ІІ: аңызға айналған кеменің заманауи түрі

Айсбергке соғыла ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1912 жылы 10 сәуірде үлкен апат орын алды. Титаник кемесінің аңызға айналуына себеп болған айсберг пен қос ғашықтың жырын әлем әлі күнге дейін ұмытқан жоқ. Ал жақында ғана аталған кеменің екінші нұсқасы пайда болды.

 

Титаник ІІ Саутгемптоннан Нью-Йоркке дейінгі жолды басып өтеді. Ал оның атауына келсек, айсбергке соғылып су астына кеткен Титаникке ұқсайды. Лайнер 2022 жылы мұхит бетіне шығады деп жоспарланып отыр.

Аталған кемеге австралиялық кәсіпкер Клайв Палмер басшылық етеді. Оның Blue Star Line компаниясы бар. Әлемді өзіне қаратқан кәсіпкер «Титаник ІІ» жобасын 2012 жылы қолға алған. Алайда қаржы мәселесіне байланысты тоқтатып қойған.

Лайнерді құрастыру құны – 500 миллион АҚШ доллары. Оған 2400 адам мен 900 экипаж мүшелері кіреді. Бұл кеменің бұрынғы Титаниктен айырмашылығы, заманауи жабдықтармен жасақталған. Қауіпсіздік шарасы да ерекше назарға алынған.

Жобаны қолдаушылардың айтуынша, аңызға айналған Титаниктің жолын басып өтеді және айсбергке соғылмайды.

Тарихи оқиға  қайталанбайды деп үміттенеміз.