Bugin

Шымкентте түнгі клубқа келушілердің шұлықтарынан есірткі табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Рolisia.kz

Шымкент қаласының полицейлері түнгі клубқа келушілердің шұлықтарынан есірткі тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Рейдтік іс-шаралар барысында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаладағы түнгі клубтардың бірін тексерген. Полицейлер клубтың кіреберісінде тыйым салынған заттар болуы мүмкін деген екі күдіктіні тоқтатқан.

"Тексеру нәтижесінде 22 жастағы бойжеткеннен ұнтақты заты бар шағын полиэтилен пакеті табылды. Тәртіп сақшылары дәл осындай ұнтақты оның 19 жастағы досынан да тапты. Олар есірткінің бір реттік дозасын қолданып көру мақсатында шұлықтарына жасырған", - делінген хабарламада.