Bugin
Фото: Podrobno.uz
Ташкентте 1 апта бұрын жоғалып кеткен ер адам өлі табылды. Ол "Бунёдкор" стадионының тұрағында көліктен басына пакет кигізілген күйде табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.
Құқық қорғау органдарына 27 жастағы өзбекстандықтың жоғалғаны туралы хабар түседі. Жігіт 31 тамызда кешкі сағат 18:00 шамасында үйінен шығып.
Жедел іздестіру шаралары барысында жігіт өз көлігінде өлі табылды. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 97-бабының 1-бөлігі (қасақана кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.