Bugin

2000-нан астам оқушы бір мезетте тоғызқұмалақтан сайысқа түседі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: qazaqadebieti.kz

9 қыркүйек күні Тоғызқұмалақ күніне орай Алматыда қала әкімдігінің қолдауымен "Қазақстанның Гиннес рекордтар кітабына" бекіту мақсатында 2000-нан астам жоғары сынып оқушылары бір мезетте тоғызқұмалақтан сайысқа түседі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Аталмыш шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы саябағында жоспарланған. Басталу уақыты: 10:00-де.

Анықтама: Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой дамытуға арналған ойын. 2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұра тізіміне енгізілді.

2023 жылдың 21-24 қыркүйегі аралығында Алматы қаласындағы ADD үстел теннисі орталығында рапид және блиц бойынша оқушылар (U-15, U-17) арасында тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтеді. Турнирге әлемнің 20 елінен 150-ден астам ойыншы қатысады.

Аккредитацияны міндетті түрде өту керек:         

1. ФИО

2. БАҚ атауы

3. Байланыс телефоны

4. Мәліметті мына е-mail-ге жіберіңіздер: hubalmaty@mail.ru  ,

+7775 564 60 10 / +7707 210 33 72