Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: AP 2023
Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Геннадий Головкин футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында өтетін Қазақстан - Солтүстік Ирландия матчын тамашалау үшін Нью-Йорктен Астанаға ұшып шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
"Жақында үйде боламыз. Ұлттық құрамамызды қолдау үшін 10 қыркүйекте футболда кездесеміз", - деп жазды Г.Головкин Instagram-парақшасында.
Қазақстан мен Солтүстік Ирландия құрамаларының ойыны 10 қыркүйек күні елордадағы "Астана-Арена" стадионында өтеді. Басталуы – сағат 19.00-де.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61