ДЕНСАУЛЫҚ
Фото: Bugin.kz/Томирис Мұхамеджан
Ара балын адамдар тек тағам ретінде тұтынбайды. Оның емдік қасиеті ерте кезден белгілі. Bugin.kz порталы балдың көпшілік біле бермейтін пайдасы туралы ақпарат ұсынады.
- Денені ыстық суға немесе отқа күйдіріп алған кезде, жараны тұзды сумен жуып, бетіне бал жағуға болады;
- Улы жәндік шағып алса, құтырған ит қапқанда, апиыннан уланғанда, зираны қайнатып, оған бал қосып ішсе, уытты қайтарып, ауырғанды басады;
- Ұйықтар кезде бір стақан суға бір шай қасық балды араластырып ішсе, жүйкеге жақсы әсер етіп, тез ұйықтауға көмектеседі;
- Тұмауратып суық тигенде балды сүтке немесе лимон шырынына қосып ішсе, тезірек сауығуы әбден мүмкін;
- Балдан бет күтімі үшін арнайы маскалар жасауға болады. Бұл маскалар безеуді кетіріп, әжімнің алдын алады;
- Бал құрамындағы кальций миға жақсы сіңеді. Сол арқылы есте сақтау қабілеті жоғарылап, ұмытшақтық мөлшері азаяды.