Bugin

"Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жарып жібермек болған" - Ұлттық қауіпсіздік қызметі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: mgorod.kz

ҰҚК төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаев Қазақстанда жыл сайын кем дегенде екі шабуылдың алдын алынатынын мәлімдеді. Биыл Астанада және Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде террорлық акт жоспарланған, - деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Биылдың өзінде ғана Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде дайындықтың бастапқы кезеңінде болған, қолдан жасалған жарылғыш құрылғымен жасалатын жарылыстың, сондай-ақ, Астанадағы жұрт жиналатын орындарындағы қарулы шабуыл тоқтатылды", - деді ол Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының (ШЫҰ) Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының 40-кеңесінің ашылуында.