Саясат

Ресей Қазақстаннан әкелген 2 тонна алманы таптап тастады

Ресей Польшаға қарсы шараларын күшейтпек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейдің ауыл шаруашылығын бақылайтын орган Қазақстаннан әкелінген 2 тонна алманы халықтың көзінше ауыр техникамен мыжып тастады. Оған себепкер болған басты жағдай, алманың Қазақстанда емес, Польшада өсірілуі мүмкін деген күдіктің туындауы. 

Ресей 2014 жылдың 1 тамызынан бастап, Польша тарапынан кіргізілген алма, өрік, шие, шабдалы және т.б жемістердің көзін жойып келеді. Оған басты себеп сауда қатынасындағы сертификаттың дұрыс болмауы. Алайда оның саяси астары бар дейді сарапшылар. Өйткені аталмыш шешім Ресейдің Батыс елдерімен қарым-қатынасының суу сәтімен тұспа-тұс келеді.