Bugin

Әкесінің айлығын құмар ойынға салып жіберген ақтөбелік жігіт өзіне қол жұмсады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: yk-news.kz

Ақтөбелік тұрғын әкесінің айлығын құмар ойыннан жеңіліп, өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияға өз үйінде өзіне қол жұмсаған жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. "Облыстың 23 жастағы тұрғыны букмекерлік кеңседе 1 миллион екі жүз мың теңгеге жуық ақша ұтылғаны белгілі болды. Салдарынан жас жігіт өз-өзіне қол салған. Жігіт бұл қадамға келесі күні туған күні болатын әкесінің барлық жалақысын ставкаға салып ұтылғаннан кейін барған", - делінген хабарламада.

Соңғы алты айда ол құмар ойын ойнап, 1 миллион 200 мың теңгеге жуық ақша ұтылған. Алғашында ол ойын автоматтарын ойнап бастаған, кейіннен бұл ставкаларға ұласқан.