Bugin
Фото: inform.kz
"Біз азаптауға қарсымыз" қоғамдық ұйымы басшысының орынбасары Бауыржан Мусин Өскемендегі құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлеріне арналған №22 қылмыстық-атқару мекемесіне барып, Қайрат Сатыбалдының қандай жағдайда отырғанын көріп қайтқанын айтады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
"Ол мекемеде Қайрат Сатбалды отыр. Оған VIP-жағдайлар жасалғаны туралы өсек айтылып жатады ғой, соның рас-өтірігін білгім келді. Ол да өзгелер сияқты жазасын өтеп жатыр", - деді Бауыржан Мусин.
Оның айтуынша, Қайрат Сатыбалды өзге сотталушыларға қарағанда қатаң бақылауда.
"Оған ешқандай артық жағдай жасалмаған. Мен оның тәртіпке сай жүргенін көріп, осының бәрін біз келгендіктен әдейі істеп отырсыз ба", - деп сұрадым. "Бұл менің таңдауым» деп жауап берді. Яғни, ол заңды берік сақтап отыр", -деді құқыққорғаушы.