Bugin
Фото: massaget.kz
Түркістан облысында 5 жасар қызды өлтірген ер адам сотталғаннан кейін Сарыағаш аудандық сотының төрағасы өз еркімен қызметінен кетуге өтініш жазды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
"Биыл 7 қыркүйекте Н.Б.Шетеновтің Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасы қызметінен өз қалауы бойынша босату туралы өтініші Жоғарғы сот кеңесіне түсті және алдағы кеңес отырысында қаралатын болады", - деді Жоғарғы сот кеңесінің баспасөз қызметі өкілдері.
Жоғарғы сот кеңесі өкілдері судьяның қызметтен өз өтініші бойынша босатылуы мен отставкаға кетуі лауазымнан босатудың екі түрлі негіздемесі болатынын түсіндірді.
"Отставка - бұл "Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заңда көзделген судья атағын, судьялар қауымдастығына мүшелігін, жеке басына қол сұғылмаушылық кепілдігін және өзге де материалдық және әлеуметтік кепілдіктерді сақтай отырып, мінсіз беделі, кемінде жиырма жыл судьялық жұмыс өтілі бар судья лауазымынан абыроймен кету. Жоғары Сот Кеңесіне Н.Б.Шетеновтің отставкаға кету туралы өтініші түскен жоқ", - деді Жоғарғы сот кеңесінің баспасөз қызметі өкілдері.