Bugin
Фото: Polisia.kz
Ақтөбеде скутер жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
8 қыркүйекте Ақтөбе қаласында Жиенбаев көшесінде жол-көлік оқиғасы болып, 30 жастағы скутер жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 42 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.
Полиция департаменті жол қозғалысы қатысушыларын жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.