Bugin

Депутат Азат Перуашев қанша әйелі барын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: smi24.kz

Өзбекстан Парламенті көп әйел алуға және бүркеніп жүруге тыйым салатын заң қабылдады. Қазақстанда дәл осындай заң қабылдануы керек пе? Себебі кейінгі кезде біздің елде никап киіп алатын әйел көбейді. "Ақ жол" партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев қазақ қоғамы ашық екенін ескертті. Оның айтуынша, бізде мұндай ағым көп емес, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Азат Перуашев бұл туралы Мәжіліс отырысының кулуарында айтты.

"Бірақ олар одан ары күшейсе, ондай шектеулерге бізде баруымыз керек болады. Себебі оның белгілері бар. Меніңше, біз зайырлы мемлекет құрып жатырмыз, зайырлы елде, ең алдымен, өркениетті құндылықтарды қорғауымыз керек. Мысалы, мен "мектепте хиджабқа тыйым салу керек" деген пікірді қолдаймын. Алаш арыстарының негізгі талаптарының бірі білім саласын діннен айырып, зайырлы ұстанымда қалдыру болатын. Біздің де ұстаным - білім саласын діннен және қандай да бір ағымдардан алшақ болуына күш салу", - деді ол.

Көпшіліктің арасында "Депутаттардың екі әйелі бар" деген әзіл жиі айтылады. Он жылдан асa депутат болып отырған Азат Тұрлыбекұлы қанша әйелі барын жасырмады.

"Құдайға шүкір, бір әйелім бар. Біз кейде оны қалжыңдап айтамыз. Жуырда Түркістан облысында халықпен кездескен кезде бір ақсақал "Мен 17 баланың әкесімін. Әйелімнің "Батыр ана" деген атағы болған соң түрлі жеңілдігі бар. Менің үлесімсіз 17 бала тумас еді ғой. Маған неге жеңілдік бермейсіздер?" деп талап қойды. Менің ойымша, мұны жұрт қалжың ретінде қабылдайды. Бірақ біз зайырлы, өркениетті жолда қалуымыз керек", - деп түйіндеді депутат.