Bugin
Фото: massaget.kz
Мароккодағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 632-ге жетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігі өкілдері хабарлайды. 329 адам ауыр халде ауруханада жатыр.
"Магнитудасы 7,2 балл деп бағаланған табиғи апат эпицентрі - Жоғары Атлас тауында, 18 шақырым тереңдікте", - дейді елдің геологиялық қызметі өкілдері.
Әл-Хауз, Хуарзазат, Марракеш, Азилал, Шихауа және Тарудант провинциялары қатты зардап шекті.
Al Jazeera ЮНЕСКО-ның мұрасы ретінде танылған Марракеш қаласының тарихи бөлігі ішінара жойылғаны хабарланды. Бұл - Марокко тарихындағы кейінгі 20 жылдағы ең ірі апат.
Еске салайық, бүгін Мароккода жер сілкінісі болғанын хабарлаған едік.