Bugin

Қызылорда облысында қауын тиелген жүк көлігі толығымен жанып кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: inform.kz

Қызылорда облысында қауын тиелген жүк көлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Оқиға "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" тасжолының 1 872 шақырамында болды.

"Шиелі ауданынан Ресейге бет алған "Volvo FH" шыққан жүк автокөлігінің тіркемесі толығымен жанды. Өрттің шығу себебі - тіркеменің дөңгелегі жарылып, жел салдарынан ашық жалын пайда болған. Ол тіркемеге тиіп өртенген. Тіркемеде қауын тиелген. Өрт сөндірушілер күшімен толықтай сөндірілді", - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.