Bugin

Күйеуі әйелін шынжырлы арамен ұрып өлтірген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: mir-doma.kz

Өзбекстанның Қашқадария облысында күйеуі әйелін шынжырлы арамен ұрып мерт қылған, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы.

Олар 2007 жылы отбасы құрған. Екі ұлы, бір қызы бар. Ортақ келіспеушілік салдарынан әйелі қызын алып, ата-анасынікіне кетіп қалады. Алайда бірнеше айлардан кейін әйел балаларын сағынып, оларды көруге үйіне қайта барады.

Үйге келген әйелді күйеуі күтіп алады. Ерлі-зайыпты қайта жанжалдасып қалады. Ашуға булыққан күйеуі асханадағы шынжырлы арамен әйелінің бетінен, мойынынан ұрып тастайды. 

Әйел көп қан жоғалтып, сол жерде қаза табады.