Bugin

Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA аясында тарихи көрсеткішке қол жеткізді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ҚФФ

Футболдан Қазақстан құрамасы UEFA аясында өтіп жатқан турнирде алғаш рет 12 ұпай жинап, тарихи көрсеткішке қол жеткізіп отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ел құрамасы бұған дейін Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында мұндай ұпай иеленген емес. Атап айтқанда, 2008 жылы – 10, 2012 жылы – 4, 2016 жылы – 5, 2020 жылы – 10 ұпай жинаған.

Ал Еуропа құрлығы бойынша әлем чемпионаты іріктеу сатысында 2006 жылы – 1, 2010 жылы – 6, 2014 жылы – 5, 2018 жылы – 3, 2022 жылы – 3 ұпайды иеленді.

Құрама үшін алда әлі үш ойын бар. 

Қазақстан құрамасы, кеше, 10 қыркүйекте "Астана-Аренада" 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеудің 6-турында Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен жеңіп шықты.