Bugin

Ұлттық құрама халықты сүйсінткен видео жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақорда сайтының телеграм арнасы

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген көрсеткен қолдауы үшін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, команда атынан доп сыйлады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазақстан құрамасы "Астана Аренада" Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен ұтты. Алаң иелері жеңіске матчтың 27-минутында шабуылшы Максим Самодовтың дәл соққысының арқасында қол жеткізді.

Ұлттық құраманың Instagram парақшасында жарияланған видео көпшілікті сүйсінтті. Қазақстан Президенті жеңістен кейін команданың киім ауыстыратын бөлмесіне келіп, ойыншыларды құттықтады. Сол кезде Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Тоқаевқа доп сыйлады. Салтанатты сәтте футболшы Нұралы Әліп президентке допты қайта ұсынып жатқанда эмоциясына ерік берді. 

"Нұралы сондай шынайы", "Әліп қатырды", "Нұралы, жүрексің ғой", "Жігіттер жарады", - деп, жанкүйерлер видео астында пікір білдірді.