МӘДЕНИЕТ
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comФото: Bugin.kz/Томирис Мұхамеджан
Хоррор жанры көбіне адреналинді жақсы көретін киносүйер қауымның көңілінен шығады. Алайда ең қорқынышты туындыны таңдау оңай емес. Әр адам түрлі деңгейде қорқатындықтан, бұл сұрақ төңірегінде шексіз дауласуға болады. Бірақ тарихта осы киножанрда із қалдырған танымал фильмдер аз емес. Bugin.kz тілшісі үрей тудыратын 5 фильмді таңдап көрді.
"Астрал" (2010 жыл)
Режиссер Джеймс Ван нағыз қорқынышты шедевр жасады. "Астрал" фильмінде жаңа үйге көшкен отбасының басынан кешкендерін көрсетеді. Патрик Уилсон ойнаған бас кейіпкер жанұясының параллель әлеммен байланысы бар мистикалық күштердің құрбаны болып жатқанын біледі. Аталмыш фильм қорқынышты атмосферадан бөлек, ерекше сюжетімен де ерекшеленеді. Қазіргі уақытта фильмнің 5 бөлімі жарықққа шықты.
"Дуа" (2013 жыл)
"Астрал" франшизасын жасаушы режиссер Джеймс Ван "Дуа" фильмімен қорқынышты әлемге өзіндік ерекшелік әкелді. Туынды ескі саяжайға көшіп келе жатқан Перрон отбасысы жайлы болады. Олар осы қорқынышты жердің құпиясын ашу үшін екі паранормальді тергеуші Эд және Лоррейн Уорреннің көмегіне жүгінеді.
Мықты актерлік құрамның арқасында "Дуа" кинокартинасы көрерменді мистицизм мен паранормальды құбылыстар әлеміне алып барғандай әсер қалдырары сөзсіз.
"Аннабельдің қарғысы" (2014 жыл)
"Аннабель" франшизасы қорқынышты жанрдағы феномен фильмдердің біріне айналды. Ал "Annabelle: Creation" - оның ең қатты үрей тудыратын бөлімдерінің бірі саналады. Бұл туындыда қуыршақ Аннабельдің бір отбасыға жасайтын зұлымдығы көрсетілген. Дэвид Сэндбергтің аталмыш туындысы киноиндустрияға тың өзгеріс әкелді.